Біз туралы

SANDYBAY - бұл 12 жыл бойы кәсіби ұжым қалыптастыру жолында ортақ көзқарас пен таланттарды біріктірген 72 креативті сәулетшілерден, дизайнерлерден және инженерлерден құралған топ.

2023
2014
dare to arch

SANDYBAY сәулет бюросының философиясы - әрбір отбасының қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандырып, тұрғындарға барынша жайлылық сыйлайтын үйлер мен кеңістіктерді жасауға негізделген. Жобаларымыз арқылы отбасының махаббат, өзара құрмет және қамқорлық сияқты құндылықтарды бейнелеуге ұмтыламыз.

Біз қолайлылық пен функционалдылықты табысты жобаның негізгі құрамдас бөліктері деп санаймыз. Сондықтан барынша қолайлы әрі қолдануға ыңғайлы шешімдерді қамтамасыз ететін әрбір бөлшекке ерекше назар аударамыз.
Біздің сеніміміз бойынша, үй тек әдемі ғана емес, сонымен қатар функционалды, жайлы және барлық тұрғындар үшін қауіпсіз болуы тиіс.